ТРЕНДТЕҰЛТТЫҚ СПОРТ
Қазақстан құрамасы ордодан Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының қола жүлдесін иеленді

Қырғызстанда өтіп жатқан VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындары аясында ордо ұлттық ойынынан жарыс аяқталды.
1–5 қыркүйек аралығында Қырчын шатқалындағы спорт алаңында өткен бәсекеге 13 елден 13 команда қатысты.
Турнир қорытындысында Қырғызстан құрамасы бірінші орын алып, алтын жүлдеге ие болды. АҚШ командасы екінші орынға тұрақтаса, Қазақстан құрамасы үздік үштікті түйіндеп, қола медаль жеңіп алды.
Жарыстың жүлде қоры бойынша жеңімпаз командаға 500 мың сом, екінші орын иегеріне 400 мың сом, ал Қазақстан құрамасына үшінші орын үшін 300 мың сом табысталды.



