БАСҚАЛАРЫ

Қазақстандық волейболшылар Азия чемпионатындағы өнерін аяқтады

Қытайдың Тяньцзинь қаласында волейболдан әйелдер арасындағы Азия чемпионатының топтық кезеңі аяқталды.

Қазақстан құрамасы В тобында үш матч өткізіп, бір жеңіс пен екі жеңіліске қол жеткізді. Нәтижесінде ұлттық құрама өз тобында үшінші орынға тұрақтады.

Жарыс ережесіне сәйкес, әр топтың үздік екі командасы және үшінші орын алған құрамалардың арасынан нәтижесі жоғары екі ұжым ширек финалға жолдама алды. Қазақстан құрамасы бұл кезеңге өте алмады.

Осылайша, қазақстандық волейболшылар Азия чемпионатын тоғызыншы орынмен аяқтады.

Жүлде үшін Қытай, Таиланд, Индонезия, Жапония, Вьетнам, Қытай Тайбэйі, Оңтүстік Корея және Иран құрамалары таласады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button