ҚЫСҚЫ СПОРТ
Қазақстан фристайл-акробатикадан Швейцариядағы Гран-при кезеңінде өнер көрсетті

Швейцарияның Метменштеттен қаласында фристайл-акробатикадан жазғы Гран-при кезеңі аяқталды.
Халықаралық жарысқа Қазақстан құрамасының өкілдері де қатысты.
Ерлер арасындағы бәсекеде Дінмұхаммед Райымқұлов 11-орынға ие болды. Ұланбәкір Өмірзақов 13-орын, Асылхан Асан 16-орын, Роман Иванов 18-орын, Шерзод Хаширбаев 19-орын, Владимир Ким 26-орын алды.
Әйелдер арасында Қазақстан сапынан Аделина Өмірзақова өнер көрсетіп, жарысты 20-орынмен аяқтады.



