ҚЫСҚЫ СПОРТТРЕНДТЕ

Данил Васильев шаңғымен тұғырдан секіруден жазғы Гран-придің қола жүлдегері атанды

Қазақстандық Данил Васильев шаңғымен тұғырдан секіруден жазғы Гран-при сериясының жалпы есебінде үшінші орын иеленді.

Жарыстың қорытынды кезеңі Германияның Клингенталь қаласында өтті. Маусым бойы жинаған ұпайлардың нәтижесінде қазақстандық спортшы 201 ұпаймен үздік үштікке енді.

Жалпы есепте жапониялық Наоки Накамура 450 ұпай жинап, серия жеңімпазы атанды. Екінші орынға 216 ұпаймен Австрия өкілі Даниэль Чофениг тұрақтады. Ал швейцариялық Грегор Дешванден 196 ұпаймен төртінші орын алды.

Осылайша, Данил Васильев жазғы Гран-при сериясын үшінші орынмен аяқтап, Қазақстанның шаңғымен тұғырдан секіру спортындағы маңызды нәтижелерінің біріне қол жеткізді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button