АУЫР АТЛЕТИКАТРЕНДТЕ
Қазақстандық ауыр атлеттер Азия чемпионатында үш медаль жеңіп алды

Өзбекстанның Ташкент қаласында өтіп жатқан ауыр атлетикадан Азия чемпионатында Қазақстан құрамасы үш жүлдеге ие болды.
Жас жеткіншектер арасындағы 95 келіге дейінгі салмақта Нұржан Жұмабай үздік нәтиже көрсетті. Қазақстандық спортшы қоссайыс қорытындысында 354 келі (159+195) көтеріп, алтын медальді жеңіп алды.
Осы салмақта жасөспірімдер арасында сынға түскен Әлихан Әскербай 361 келі (163+198) нәтижесімен қола жүлдегер атанды.
Қазақстан құрамасының қоржынына тағы бір қола медальді Софья Шешукова салды. Ол жас жеткіншектер арасында 77 келіден жоғары салмақта өнер көрсетіп, қоссайыста 232 келі (100+132) көтерді.
Осылайша, Қазақстан құрамасы Ташкенттегі құрлық чемпионатының кезекті жарыс күнін үш медальмен қорытындылады.



