АУЫР АТЛЕТИКАТРЕНДТЕ
Ақжол Құрманбек жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионы атанды

Өзбекстанның Ташкент қаласында өтіп жатқан ауыр атлетикадан жас жеткіншектер мен жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатында Қазақстан құрамасының қоржыны тағы бір алтын медальмен толықты.
85 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түскен Ақжол Құрманбек қоссайыс қорытындысында 358 келіні (160+198) көтеріп, Азия чемпионы атанды.
Осы салмақта тағы бір қазақстандық спортшы Ерасыл Сәулебеков 351 келі (154+197) нәтижемен қола жүлдеге ие болды.
Күміс медаль Өзбекстан өкілі Хикматилло Хайдаровқа бұйырды. Ол қоссайыста 357 келі (161+196) көтеріп, екінші орынға тұрақтады.
Осылайша, Қазақстан құрамасы Ташкенттегі құрлық біріншілігінде алтын және қола медаль жеңіп алып, жүлделер қорын толықтыра түсті.



