ҚЫСҚЫ СПОРТ

Қазақстан шаңғымен тұғырдан секіруден Франциядағы жазғы Гран-при кезеңінде өнер көрсетті

Қазақстан құрамасы Францияның Куршевель қаласында өткен шаңғымен тұғырдан секіруден жазғы Гран-при кезеңінде бақ сынады.

Жарыстың алғашқы күнінде Илья Мизерных 12-орынға тұрақтаса, Данил Васильев 13-нәтиже көрсетті.

Екінші жарыс күнінде финалдық кезеңге Қазақстан құрамасынан тек Илья Мизерных жолдама алды. Ол жарысты 16-орынмен аяқтады.

Айта кетейік, бұған дейін Польшаның Висла қаласында өткен жазғы Гран-при кезеңінде Данил Васильев жоғары нәтиже көрсетіп, екі жарыста да үздік бестікке енген болатын. Қазақстандық спортшы алғашқы сайыста төртінші, ал екінші жарыста бесінші орын иеленген еді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button