АУЫР АТЛЕТИКАТРЕНДТЕ
Бейбарыс Ерсейіт Азия рекордын жаңартып, құрлық чемпионы атанды

Қазақстандық ауыр атлет Бейбарыс Ерсейіт Өзбекстанның Ташкент қаласында өтіп жатқан 17 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы Азия чемпионатында алтын медаль жеңіп алды.
65 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түскен қазақстандық спортшы қоссайыс қорытындысы бойынша 281 келіні (129+152) еңсеріп, құрлық чемпионы атанды.
Бейбарыс Ерсейіт жарыс барысында жұлқа көтеру жаттығуында да үздік нәтиже көрсетіп, алтын медаль иеленді. Сонымен қатар оның 129 келі жұлқа көтерудегі және 281 келі қоссайыстағы нәтижелері U17 жас санатындағы Азия рекорды ретінде тіркелді.
Осылайша, қазақстандық ауыр атлет құрлық біріншілігінде чемпион атанып қана қоймай, екі бірдей Азия рекордын жаңартып, жоғары деңгейдегі дайындығын тағы бір мәрте дәлелдеді.



