ҚЫСҚЫ СПОРТ
Данил Васильев жазғы Гран-при кезеңінде екі рет үздік бестікке енді

Қазақстандық шаңғымен тұғырдан секіруші Данил Васильев Польшаның Висла қаласында өткен жазғы Гран-при кезеңінде жоғары нәтиже көрсетіп, екі жарыста да үздік бестікке енді.
Алғашқы жарыс күні Васильев жүлдеге бір қадам жетпей, төртінші орынға тұрақтады. Екінші сайыста да тұрақты өнер көрсетіп, бесінші нәтижемен жарысты аяқтады.
Қазақстан құрамасының тағы бір өкілі Илья Мизерных кезең барысында сәйкесінше 27 және 28-орындарға жайғасты.
Айта кетейік, шаңғымен тұғырдан секіруден жазғы Гран-придің келесі кезеңі 8–9 тамыз күндері Францияда өтеді.



