Қазақстандық шпагашылар әлем чемпионатының жартылай финалына шықты

Қазақстанның ерлер құрамасы Гонконгта өтіп жатқан семсерлесуден әлем чемпионатында жартылай финалға жолдама алып, жүлде үшін күресті жалғастырады.
Командалық шпага бәсекесінің ширек финалында қазақстандық семсерлесушілер Дания құрамасымен кездесіп, 45:36 есебімен сенімді жеңіске жетті. Қазақстандықтар жекпе-жектің алғашқы кезеңдерінен-ақ басымдықты қолға алып, кездесудің соңына дейін артықшылықтарын сақтап қалды.
Енді финал жолдамасы үшін Қазақстан құрамасы Ресей мен Мысыр құрамалары арасындағы кездесудің жеңімпазымен күш сынасады.
Әлем чемпионатында ел намысын Руслан Курбанов, Вадим Шарлаимов, Ерлік Сертай және Кирилл Проходов қорғап жатыр. Қазақстандық шпагашылар тарихи нәтижеге бір қадам жақындап, әлем чемпионатының финалына шығуға мүмкіндік алды.



