БАСҚАЛАРЫ
Оралда садақ атудан Қазақстан чемпионаты басталды

Орал қаласында садақ атудан Қазақстан Республикасының чемпионаты басталды. Ел біріншілігіне Қазақстанның әр өңірінен келген 250-ден астам спортшы қатысып жатыр.
Чемпионатқа ересектермен қатар жастар мен жасөспірімдер де қатысуда. Сондай-ақ жарыс алаңында Қазақстан ұлттық құрамасының мүшелері де өзара мықтыны анықтайды.
Ел чемпионатының қорытындысы бойынша үздік нәтиже көрсеткен мергендер халықаралық жарыстарда Қазақстан намысын қорғауға мүмкіндік алады.
Республикалық дода Орал қаласындағы «Жастар» стадионында өтіп жатыр. Чемпионат 1 тамызға дейін жалғасып, барлық жас санаттары бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлер анықталады.



