БАСҚАЛАРЫ

Қазақстан Орталық Азия чемпионатын бесінші орынмен аяқтады

Қазақстанның ерлер волейбол құрамасы Пәкістанның Исламабад қаласында өткен Орталық Азияның ашық чемпионатындағы өнерін аяқтады. Ұлттық команда турнир қорытындысында бесінші орынға тұрақтады.

Жарыс барысында қазақстандық волейболшылар Непал құрамасын жеңіп, Өзбекстан, Бангладеш, Шри-Ланка және турнир қожайыны Пәкістан командаларына есе жіберді.

Бесінші орын үшін өткен кездесуде Қазақстан құрамасы Непалмен қайта жолығып, бұл жолы айқын басымдық танытты. Отандастарымыз қарсыласын 3:0 (25:18, 27:25, 25:20) есебімен жеңіп, турнирді жеңіспен аяқтады.

Осылайша Қазақстан құрамасы Орталық Азияның ашық чемпионатының қорытындысы бойынша бесінші орынға ие болды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button