БАСҚАЛАРЫ

Қазақстанда 2026 жылғы Азия ойындарының ресми билет агенті анықталды

Қазақстанда 2026 жылы Жапонияның Аичи және Нагоя қалаларында өтетін ХХ жазғы Азия ойындарының ресми билет агенті болып «МТК Complete Service» ЖШС тағайындалды. Құрлықтық дода 19 қыркүйек пен 4 қазан аралығында өтеді.

Компанияның бұл мәртебесі Азия ойындарының Ұйымдастыру комитеті мен Қазақстан Республикасы Ұлттық Олимпиадалық комитеті арасында жасалған арнайы келісім негізінде бекітілді. Енді «Complete Service» Қазақстан аумағында жарыстарға арналған ресми билеттерді сатумен айналысады.

Бұдан бөлек, компания Азия ойындарына баруды жоспарлаған жанкүйерлерге қонақүйге орналастыру, көлік қызметін ұйымдастыру және сапарды жоспарлауға қатысты туристік қызметтердің толық пакетін ұсынатын болады.

«Complete Service» халықаралық компаниясы Қазақстанның туристік нарығында 1999 жылдан бері жұмыс істейді. Оның Олимпиада ойындары секілді ірі халықаралық жарыстарға сапар ұйымдастыруда мол тәжірибесі бар. Компания бұған дейін Бейжің-2008, Лондон-2012, Рио-де-Жанейро-2016 және Токио-2020 Олимпиада ойындарында ресми билет агенті әрі туроператор ретінде қызмет атқарған.

Ресми билет агентінің тағайындалуы Қазақстанда Азия ойындарына билеттерді орталықтандырылған тәртіппен сатуға мүмкіндік береді. Билеттердің сатылымға шығатын күні, сатып алу тәртібі және ұсынылатын қосымша қызметтер туралы ақпарат кейінірек жарияланады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button