Қазақстан волейболдан Орталық Азия чемпионатында бес құрамамен кездеседі

22–29 шілде аралығында Пәкістанның Исламабад қаласында волейболдан ашық Орталық Азия чемпионаты өтеді. Қазақстан ұлттық құрамасы турнирде бірнеше елдің командаларымен күш сынасады.
Қазақстан құрамасының сапына Ерікжан Бөкен, Муроджон Хавазматов, Нұрлыбек Мақсат, Азамат Сейілханов, Айбек Жақсылықов, Владислав Кунченко, Нұрлыбек Нұрмахамбетов, Илья Таволжанский, Дінмұхаммед Қабдулов, Асылхан Избергенұлы, Әділжан Балтабаев, Антон Кузнецов, Клим Рюхов және Владислав Мастихин енді.
Турнир барысында қазақстандық волейболшылар Шри-Ланка, Непал, Ауғанстан, Бангладеш және алаң иесі Пәкістан құрамаларына қарсы ойын өткізеді.
Айта кетейік, ашық Орталық Азия чемпионаты 22–29 шілде аралығында Исламабад қаласында өтіп, командалар құрлықтық додадағы жүлделер үшін бақ сынайды.



