БАСҚАЛАРЫ
Қазақстан құрамасы стенд атудан Әлем кубогына қатысатын спортшылардың тізімін жариялады

22 шілдеде Қытайдың Ханчжоу қаласында стенд атудан Әлем кубогының кезекті кезеңі басталады. Қазақстан құрамасы бұл жарысқа 18 спортшымен қатысады.
Ұлттық құраманың сапына Әсем Орынбай, Ольга Хайлова, Айжан Досмағамбетова, Максим Бедарев, Элеонора Ибрагимова, Никита Моисеев, Милана Папчихина, Илья Пеньков, Зоя Пискун, Даниил Почивалов, Марк Почивалов, Давид Почивалов, Максим Почивалов, Анастасия Прилепина, Адель Садақбаева, Наргиза Сарманова, Артем Седельников және Ратмир Еникеев енді.
Қазақстандық мергендер Әлем кубогында жекелей және командалық бағдарламаларда ел намысын қорғайды.
Айта кетейік, Ханчжоудағы Әлем кубогының кезеңі 22–28 шілде аралығында өтеді.



