Стенд ату: Әлем кубогында қазақстандық мергендер финалда өнер көрсетті

Италияның Лонато-дель-Гарда қаласында стенд атудан Әлем кубогының кезекті кезеңі жалғасуда. Қазақстан құрамасының спортшылары «скит» бағдарламасы бойынша сынға түсіп, бірқатары финалдық кезеңге жолдама алды.
Іріктеу кезеңінің қорытындысында Александр Мухамедиев пен Әсем Орынбай финалға шықты. Шешуші сында Әсем Орынбай жетінші орынға тұрақтаса, Александр Мухамедиев жарысты сегізінші нәтижемен аяқтады.
Ерлер арасындағы жарыста Артем Седельников 73-орын, Илья Пеньков 119-орын, Ратмир Еникеев 149-орын алып, іріктеу кезеңінен аса алмады.
Әйелдер арасында Лидия Башарова 33-орынға ие болды. Сонымен қатар Адель Садақбаева 53-сатыға, Зоя Пискун 68-орынға, ал Ольга Хайлова 70-орынға жайғасты.
Айта кетейік, Италиядағы стенд атудан Әлем кубогының кезеңі 13 шілдеде мәресіне жетеді.



