БАСҚАЛАРЫ
Батуттағы гимнастика: Әлем кубогы кезеңінде қазақстандықтардың нәтижелері белгілі болды

Португалияның Коимбра қаласында батуттағы гимнастикадан Әлем кубогының кезекті кезеңі аяқталды. Қазақстан құрамасының спортшылары жекелей және синхронды секіру бағдарламаларында өнер көрсетті.
Ерлер арасындағы жекелей сайыста Никита Тумаков 35-орынға ие болды. Ерлан Тасмағанбетов жарысты 46-орынмен аяқтаса, Роман Барков 49-сатыға жайғасты.
Әйелдер арасындағы бәсекеде Евгения Чернышева 35-орыннан көрінді. Ал Виктория Бутолина 46-орынға тұрақтады.
Синхронды секіру бағдарламасында Никита Тумаков пен Ерлан Тасмағанбетов жұбы 13-орын иеленді. Әйелдер арасында Виктория Бутолина мен Евгения Чернышева 16-орынмен жарысты аяқтады.



