БАСҚАЛАРЫ

Алан Құрманғалиев жастар арасындағы Азия чемпионатының ширек финалына жолдама алды

Таиландтың Бангкок қаласында өтіп жатқан үстел теннисінен жастар арасындағы Азия чемпионатында Қазақстан құрамасының өкілі Алан Құрманғалиев сәтті өнер көрсетуде.

U19 жас санатында бақ сынап жатқан қазақстандық теннисші 1/8 финалда Қытайлық Тайбэй спортшысы Чэн Минсюйді 4:3 есебімен жеңіп, турнирдің ширек финалына шықты.

Енді Алан Құрманғалиев жартылай финал жолдамасы үшін Қытай өкілі Ли Хэчэньмен кездеседі.

Айта кетейік, жастар арасындағы Азия чемпионаты Бангкок қаласында жалғасып жатыр және құрлықтың үздік жас теннисшілері жүлделер үшін бақ сынауда.

Басқа жаңалықтар

Back to top button