БАСҚАЛАРЫ
Қазақстандық спортшылар BMX-фристайлдан Азия чемпионатына қатысады

10 шілдеде Қытайдың Цзыгун қаласында BMX-фристайлдан Азия чемпионаты басталады. Құрлықтық додада Қазақстан құрамасының екі өкілі ел намысын қорғайды.
Азия чемпионатында Дмитрий Захаров пен Әлихан Можанов өнер көрсетіп, жүлделер үшін бақ сынайды.
Жарыс 10-12 шілде аралығында өтеді.
Айта кетейік, BMX-фристайл Олимпиада ойындарының бағдарламасына енген спорт түрлерінің бірі болып саналады.



