Қазақстан құрамасы Ханчжоудағы Әлем кубогы кезеңіне қатысады

20 шілдеде Қытайдың Ханчжоу қаласында нысана көздеу және стенд атудан Әлем кубогының кезеңі басталады. Халықаралық додада Қазақстан құрамасының мергендері де жүлделер үшін бақ сынайды.
Ұлттық құрама сапында Сәуле Әлімбек, Максим Бедарев, Елизавета Безрукова, Никита Чирюкин, Айжан Досмағамбетова, Кирилл Федькин, Элеонора Ибрагимова, Эльдар Иманқұлов, Артемий Кабаков, Ольга Хайлова, Александр Ле, Арина Малиновская, Константин Малиновский, Никита Моисеев, Әсем Орынбай, Милана Папчихина, Илья Пеньков, Зоя Пискун, Даниил Почивалов, Давид Почивалов, Марк Почивалов, Максим Почивалов, Валерия Попелова, Анастасия Прилепина, Валерий Рахымжан, Адель Садақбаева, Наргиза Сарманова, Ислам Сәтпаев, Артем Седельников, Никита Шахторин, София Шульженко, Нина Старова, Кирилл Цуканов және Ратмир Еникеев өнер көрсетеді.
Қазақстандық спортшылар нысана көздеу мен стенд атудың түрлі бағдарламаларында сынға түсіп, әлемнің үздік мергендерімен бірге медальдар үшін таласады.
Айта кетейік, Ханчжоудағы Әлем кубогының кезеңі 20-29 шілде аралығында өтеді.



