БАСҚАЛАРЫ
Қазақстан құрамасы Франциядағы құзға өрмелеуден Әлем кубогына қатысады
Қазақстан құрамасының спортшылары Францияның Шамони қаласында өтетін спорттық құзға өрмелеуден Әлем кубогының кезекті кезеңінде ел намысын қорғайды.
10-12 шілде аралығында өтетін халықаралық жарысқа Қазақстан атынан Рашид Хайбуллин, Ришат Хайбуллин, Әлішер Мұрат, Дамир Тоқтаров, Әмір Маймұратов, Анна Баларшина, Тамара Улжабаева және Арина Новицкая қатысады.
Қазақстандық спортшылар «жылдамдық» бағдарламасында бақ сынап, әлемнің үздік құзға өрмелеушілерімен бірге жүлделер үшін таласады.
Айта кетейік, Шамонидегі Әлем кубогының кезеңі 12 шілдеде аяқталады.



