БАСҚАЛАРЫ

Қазақстан құрамасының маунтинбайктан Азия чемпионатына қатысатын құрамы белгілі болды

Қазақстанның маунтинбайк құрамасы Өзбекстанның Ташкент қаласында өтетін 2026 жылғы Азия чемпионатына қатысады. Ұлттық құраманың бапкерлер штабы құрлық біріншілігінде ел намысын қорғайтын спортшылардың тізімін жариялады.

Азия чемпионатында Қазақстан атынан сегіз велошабандоз өнер көрсетеді. Құрама сапына Денис Сергиенко, Никита Галкин, Алексей Фефелов, Константин Казаков, Ілияс Рахимов, Татьяна Генелева, Алина Спирина және Юлия Ли енді.

Құрлық біріншілігі 23-27 маусым аралығында Ташкентте өтеді. Жарыс барысында спортшылар әртүрлі санаттар бойынша Азия чемпионатының жүлделері үшін таласады.

Айта кетейік, маунтинбайк соңғы жылдары Қазақстанда қарқынды дамып келе жатқан велоспорт бағыттарының бірі саналады. Азия чемпионаты қазақстандық спортшылар үшін халықаралық деңгейде тәжірибе жинақтап, рейтингтік ұпайлар иеленуге мүмкіндік береді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button