БАСҚАЛАРЫТРЕНДТЕ

Қазақстанның үш садақшысы Әлем кубогы кезеңінің үшінші айналымына шықты

Түркияның Анталья қаласында садақ атудан Әлем кубогының үшінші кезеңі басталды. Халықаралық жарыстың алғашқы күнінде блокты садақ атудан іріктеу және бастапқы кезең матчтары өтті.

Жарыс қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасының үш өкілі турнирдің үшінші айналымына жолдама алды. 1/16 финалда Мұса Ділмұхамет, Виктория Лян және Диана Юнусова ел намысын қорғайды.

Мұса Ділмұхамет келесі кезеңде Нидерланд спортшысы Майк Схлуссерге қарсы шығады. Ал Виктория Лян Германия өкілі Катарина Раабпен кездеседі.

Диана Юнусова болса, турнирдің келесі сатысына шығу үшін Ұлыбритания спортшысы Элла Гибсонмен бақ сынайды.

Айта кетейік, Антальядағы Әлем кубогы кезеңінде бүгін, 10 маусым күні, классикалық садақ атудан жарыстар да басталады. Қазақстандық спортшылар бірнеше бағдарлама бойынша жүлделер үшін таласады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button