БАСҚАЛАРЫТРЕНДТЕ

Қазақстандық жүзушілер АҚШ-та өткен халықаралық турнирде төрт медаль жеңіп алды

Қазақстан құрамасының жүзушілері АҚШ-тың Фуллертон қаласында өткен халықаралық турнирде табысты өнер көрсетіп, төрт медаль еншіледі.

Ұлттық құрама сапындағы Айбат Мырзамұратов жарыстың басты жүлдегерлерінің бірі болды. Ол 100 метрге брасс әдісімен жүзуде 1 минут 03,33 секунд нәтиже көрсетіп, алтын медаль жеңіп алды. Сонымен қатар 50 метрге еркін стильде жүзу сайысында 23,02 секунд уақыт тіркеп, күміс жүлдеге қол жеткізді.

Тағы бір қазақстандық спортшы Даниил Чужинов 200 метрге кешенді жүзу бағдарламасында жоғары нәтиже көрсетіп, 2 минут 09,20 секунд уақытпен күміс медаль иеленді.

Артур Миронов та жүлдегерлер қатарынан көрінді. Ол 100 метрге брасс әдісімен жүзуде 1 минут 03,76 секунд нәтиже көрсетіп, үшінші орынға тұрақтады.

Осылайша, Қазақстан құрамасы АҚШ-тағы халықаралық жарысты бір алтын, екі күміс және бір қола медальмен аяқтап, халықаралық аренадағы кезекті табысты нәтижесіне қол жеткізді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button