
Қазақстандық үстел теннисшісі Алан Құрманғалиев Швецияның Хельсингборг қаласында өткен WTT Youth Contender турнирінде алтын медаль жеңіп алды.
Қазақстан құрамасының өкілі U19 жас санатында өнер көрсетіп, жарыс барысында барлық қарсыласынан басым түсті. Турнир жолында ол швециялық Хьюго Джобс пен Обада Таббахты 3:0 есебімен жеңді. Кейін мажарстандық Балаж Поорды 3:1, үндістандық Абхинандх Прадхивадхиді 3:2 есебімен ұтты.
Сондай-ақ қазақстандық спортшы поляк Ян Мругаланы 3:0, даниялық Йохан Хавстинді 3:1 есебімен жеңіп, финалға шықты.
Шешуші кездесуде Құрманғалиев Польша өкілі Самуэль Михнамен кездесіп, 3:1 есебімен жеңіске жетті. Осылайша, қазақстандық теннисші турнирдің алтын медалін иеленді.
Бұл жеңіс Алан Құрманғалиевке халықаралық рейтинг үшін маңызды 1000 ұпай әкелді. Нәтижесінде ол жастар арасындағы әлемдік рейтингтегі позициясын жақсартуға мүмкіндік алды.



