БАСҚАЛАРЫТРЕНДТЕ

Қазақстан волейболшылары Азия кубогын жеңіспен бастады

Филиппиннің Кандон қаласында әйелдер құрамалары арасында волейболдан Азия кубогы басталды. Турнирдің алғашқы матчында Қазақстан құрамасы Гонконг командасын 3:1 есебімен жеңді.

В тобындағы кездесу қазақстандықтар үшін сәтсіз басталды. Алғашқы партияда Гонконг құрамасы 25:20 есебімен басым түсті. Алайда Асқар Шалқыбеков жаттықтыратын команда кейін ойын тізгінін өз қолына алып, қалған үш партияны өз пайдасына шешті – 25:17, 25:16 және 25:13.

Осылайша Қазақстан құрамасы матч қорытындысында 3:1 есебімен жеңіске жетіп, Азия кубогындағы алғашқы жеңісіне қол жеткізді.

Кездесу барысында Бота Уатаева, Татьяна Яцкив, Кристина Белова, Юлия Фоменко, Валерия Настенко және байланыстырушы Наталья Хазова нәтижелі ойын өрнегін көрсетті. Ал либеро Әмина Қырықбаева қорғаныста сенімді әрекетімен ерекшеленді.

Айта кетейік, Қазақстан құрамасы топтық кезеңдегі келесі матчтарын 7 маусымда Индонезияға, 8 маусымда Иранға, 11 маусымда Ливанға және 12 маусымда Вьетнамға қарсы өткізеді. Әр топтан үздік екі команда плей-офф кезеңіне жолдама алады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button