
Словенияның Копер қаласында өткен спорттық гимнастикадан Challenge Cup турнирі аяқталды. Қазақстан құрамасының спортшылары жарыста бір жүлде еншілеп, бірнеше финалға жолдама алды.
Ұлттық құрама сапындағы ең жоғары нәтижені Зейнолла Идрисов көрсетті. Ол ат снарядындағы жаттығу бойынша финалда сәтті өнер көрсетіп, күміс медаль иеленді.
Сонымен қатар қазақстандық гимнастар Нариман Курбанов пен Роман Маменов та шешуші кезеңге дейін жетті. Нариман Курбанов ат снарядындағы жаттығуда жетінші орынға ие болса, Роман Маменов қол тіреп секіру бағдарламасында алтыншы нәтиже көрсетті.
Осылайша, Қазақстан құрамасы Копердегі халықаралық турнирді бір күміс жүлдемен аяқтады.
Айта кетейік, қазақстандық гимнастар үшін келесі маңызды жарыс маусым айында Қытайдың Цзуньи қаласында өтетін Азия чемпионаты болмақ.



