ТЕННИС

Жібек Құламбаева Сербиядағы турнирдің финалына жолдама алды

Қазақстандық теннисші Жібек Құламбаева Сербияда өтіп жатқан ITF W75 турнирінің жұптық сынында финалға шықты.

Отандасымыз швециялық Лиза Заармен бірге жарыстың екінші нөмірлі жұбы ретінде өнер көрсетуде.

Жартылай финалда Құламбаева мен Заар турнирдің үшінші нөмірлі жұбы – қытайлық Юмин Дан мен Ю Сяодиден басым түсті. 1 сағат 49 минутқа созылған кездесуде қазақстандық-швециялық тандем 7:5, 6:3 есебімен жеңіске жетті.

Алғашқы партияда Жібек пен Лиза 0:3 есебімен ұтылып жатқанымен, ойын тізгінін өз қолдарына алып, сетті камбэкпен аяқтады. Екінші сетте олар қарсыластарына мүмкіндік бермей, сенімді жеңіске қол жеткізді.

Енді турнирдің чемпиондық атағы үшін өтетін финалда Жібек Құламбаева мен Лиза Заар чехиялық Михаэла Байерлова мен сербиялық Елена Милованович жұбымен кездеседі.

Басқа жаңалықтар

Back to top button