
Германияның Мюнхен қаласында нысана көздеуден Әлем кубогының кезекті кезеңі өтіп жатыр.
Қазақстан құрамасының өкілі Арина Малиновская 50 метр қашықтықтан үш қалыпта винтовкамен оқ ату бағдарламасында финалға дейін жетті.
Шешуші кезеңнің қорытындысы бойынша қазақстандық мерген сегізінші орынға тұрақтады.
Бұл бағдарламада алтын медальді норвегиялық Жанетт Хегг Дуэстад жеңіп алды. Күміс жүлде Ұлыбритания өкілі Шонейд Макинтошқа бұйырса, Германия спортшысы Анна Янссен қола медаль иеленді.



