Павлодарда жағажай футболынан Суперкубок пен Қазақстан Кубогы өтеді

28–31 мамыр аралығында Павлодар қаласында жағажай футболынан маусымның басты республикалық турнирлері ұйымдастырылады. Жарыс барысында Қазақстан Суперкубогы мен Қазақстан Кубогының иегерлері анықталады.
Суперкубок үшін қазіргі ел чемпионы әрі Кубок иегері павлодарлық «Арман» мен өткен жылғы Кубок финалисі — Жетісу облысының «Малайсары» командасы бақ сынайды. Жеңімпаз екі жеңіске дейінгі серия қорытындысы бойынша анықталады. Егер қарсыластар алғашқы екі матчта бір-бірден жеңіске жетсе, үшінші шешуші ойын өтеді.
Суперкубок ойындарынан кейін Қазақстан Кубогының топтық кезеңі басталады.
«А» тобы:
«Спартак» (Семей)
«Arlan» (Астана)
«Малайсары»
«В» тобы:
«Арман» (Павлодар)
«ТК В&А»
«Zarya Arystan»
Барлық матчтар Павлодар қаласының орталық жағалауындағы арнайы стадионда өтеді. Кездесулерді Қазақстан футбол федерациясының ресми YouTube-арнасынан тікелей эфирде көруге болады.
Ойындар кестесі
28 мамыр — Қазақстан Суперкубогы
11:00 — «Арман» – «Малайсары»
18:00 — «Малайсары» – «Арман»
29 мамыр
09:00 — «Арман» – «Малайсары» (қажет болған жағдайда)
Қазақстан Кубогы
29 мамыр
10:00 — «ТК В&А» – «Zarya Arystan»
11:00 — «Спартак» – «Arlan»
17:00 — «Арман» – «Zarya Arystan»
18:00 — «Спартак» – «Малайсары»
30 мамыр
10:00 — «Арман» – «ТК В&А»
11:00 — «Arlan» – «Малайсары»
17:00 — 1 «А» – 2 «В» (жартылай финал)
18:00 — 1 «В» – 2 «А» (жартылай финал)
31 мамыр
10:00 — 5–6 орын үшін матч
11:00 — 3–4 орын үшін матч
16:00 — Финал



