
Қазақстан Премьер-лигасының 25-туры аяқталғаннан кейін чемпионаттың үздік сұрмергендері тізімінде «Астана» шабуылшысы Марин Томасов бірінші орынға шықты.
Хорватиялық футболшы 25-турда «Елімайға» қарсы кездесуде гол соғып, биылғы чемпионаттағы гол санын 10-ға жеткізді. «Астана» бұл матчта қарсыласын 4:0 есебімен жеңген болатын.
Томасовтың ең жақын ізбасарлары – Урош Милованович пен Роман Мұртазаев. Екі футболшының да еншісінде тоғыз голдан бар. Милованович 25-турда «Ұлытауға» қарсы ойында дубль жасап, сұрмергендер жарысындағы жағдайын жақсартты.
Сегіз голдан соққан футболшылар қатарында Оралхан Өміртаев, Бьорн Йонсен, Эдмилсон, Жоржиньо және Эльхан Астанов бар.
Тағы алты ойыншы жеті голдан жинаған. Олар – Жасұлан Әмір, Дастан Сәтпаев, Нұрбол Әнуарбеков, Артур Шушеначев, Жан Морель По және Этьен Бугре. Фесу Плакканың да еншісінде жеті гол бар.
Осылайша, 25-турдан кейін Томасов тоғыз голы бар екі қарсыласынан бір доп алда келеді.



