ФУТБОЛ

Қазақстан әйелдер құрамасының Арменияға қарсы матчқа шақырылған ойыншылары белгілі болды

Футболдан Қазақстан әйелдер құрамасы 2027 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңі аясында Арменияға қарсы матч өткізеді.

Кездесу 5 маусым күні Ереван қаласында өтеді. Ойынның басталуы — 19:00. Ұлттық құраманың оқу-жаттығу жиыны 29 мамырда Алматыда басталады.

Қазақстан құрамасының бас бапкері Бегайым Қырғызбаева алдағы матчқа 26 футболшыны шақырды.

Қақпашылар:
Ангелина Портнова («Астерас Триполис», Грекия), Назым Исмайлова («БИІК-Шымкент»), Виктория Зейнали («Елімай»).

Қорғаушылар:
Александра Бурова, Бибігүл Нұрышева (екеуі де – «БИІК-Шымкент»), Анастасия Власова («Ақтөбе»), Томирис Рахатжан («Қайрат»), Юлия Мясникова («Динамо», Ресей), Александра Набокова («Шахтер»), Кристина Шустова («Елімай»), Мария Демидова («Минск», Беларусь), Анеля Сұңқарова («Астана»), Лейла Садықова («Женис»).

Жартылай қорғаушылар:
Ксения Хайруллина («Қайрат»), Карина Жұмабайқызы («Ақтөбе»), Анастасия Низамутдинова («Енисей», Ресей), Қазына Норбаева («Гурник Ленчна», Польша), Элина Ирисметова («Жеңіс»).

Шабуылшылар:
Аида Гайстенова, Әселхан Тұрлыбекова, Екатерина Бабшук (барлығы – «Ақтөбе»), Назым Алданазар («Қайрат»), Анеля Мамырова, Фатима Сатығалиева (екеуі де – «Елімай»), Полина Осипова («Тобыл»), Әмина Бибосынова («Турбине Потсдам», Германия).

Ұлттық құраманың бапкерлер штабына Бегайым Қырғызбаева жетекшілік етеді. Оның көмекшілері — Виктор Семенов пен Юлия Ширяева. Сонымен қатар штаб құрамында Жеңіс Арыстан, Дмитрий Колбунцов, Расул Маруа және медициналық қызметкерлер жұмыс істейді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button