
Тәжікстанның Дангар қаласында үстел теннисінен Тәжікстан Президентінің ашық кубогы мәресіне жетті.
Халықаралық жарыста Қазақстан құрамасы алты медаль жеңіп алды.
Турнирде ел намысын Айдос Кенжіғұлов, Санжар Жұбанов, Сағантай Құрмамбаев, Ырысбек Артықметов, Жанерке Көшкімбаева, Әнел Бақыт, Ангелина Романовская және Гүзел Торшаева қорғады.
Қазақстан әйелдер құрамасы командалық сында чемпион атанды. Сонымен қатар Әнел Бақыт та алтын медаль жеңіп алды.
Айдос Кенжіғұлов, Ангелина Романовская және Қазақстанның ерлер құрамасы күміс жүлдеге ие болды.
Ал Санжар Жұбанов турнирді қола медальмен аяқтады.



