БАСҚАЛАРЫТРЕНДТЕ

Көркем гимнастикадан Азия чемпионаты: Қазақстан қоржынына тағы екі медаль түсті

Қырғызстанның Бішкек қаласында өтіп жатқан көркем гимнастикадан Азия чемпионатында жекелей жаттығулар бойынша финалдық сайыстар басталды.

Кезекті жарыс күнінде Қазақстан құрамасы екі медаль жеңіп алды.

Ақмарал Ерекешева шығыршықпен орындалатын жаттығуда қола жүлдеге ие болды. Қазақстандық гимнаст финалда 28.50 ұпай жинады.

Бұл бағдарламада алтын медальді өзбекстандық Тахмина Икромова жеңіп алды — 29.25 ұпай. Қытайлық Ван Цзылу 28.90 ұпаймен күміс жүлдегер атанды. Ал Айбота Ертайқызы 28.05 ұпай жинап, алтыншы орынға тұрақтады.

Сонымен қатар бес доппен орындалатын топтық жаттығуда Қазақстан құрамасы күміс медаль иеленді. Отандастарымыздың нәтижесі — 26.30 ұпай.

Алтын медальді Қытай құрамасы жеңіп алды — 27.95 ұпай. Ал Оңтүстік Корея құрамасы 25.35 ұпаймен қола жүлдеге қол жеткізді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button