БАСҚАЛАРЫТРЕНДТЕ

Эвелина Ежова Ташкенттегі Challenge Cup турнирінің жеңімпазы атанды

Қазақстандық гимнаст Эвелина Ежова Өзбекстанның Ташкент қаласында өтіп жатқан спорттық гимнастикадан Challenge Cup кезеңінде алтын медаль жеңіп алды.

Отандасымыз гимнастикалық бөренедегі жаттығуда үздік нәтиже көрсетті. Финалда Эвелина Ежова 12,850 ұпай жинап, турнир жеңімпазы атанды.

Күміс медальді хорватиялық Тина Зельчич иеленді — 12,650 ұпай. Ал қола жүлде өзбекстандық Дилдора Ариповаға бұйырды — 12,450 ұпай.

Сонымен қатар 24 мамыр күні Қазақстан құрамасының өкілі Дияс Тойшыбек кермедегі жаттығуда күміс медаль жеңіп алды. Ал Алтынхан Темірбек қол тіреп секіру бағдарламасында қола жүлдеге ие болды.

Осылайша, Қазақстан құрамасының қоржынында бес медаль бар. Бұған дейін Эмиль Ахмеджанов еркін жаттығуда алтын медаль жеңіп алса, Дияс Тойшыбек ат снарядындағы жаттығуда қола жүлдегер атанған еді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button