Гонконгта өтіп жатқан батуттағы гимнастикадан Азия чемпионатында Қазақстан құрамасы екі жүлдеге қол жеткізді.
Әйелдер арасындағы жекелей секіру бағдарламасында Виктория Бутолина қола медаль иеленді.
Сонымен қатар ерлер арасындағы синхронды секіру сайысында Никита Тумаков пен Ерлан Тасмағамбетов сәтті өнер көрсетіп, күміс жүлдеге ие болды.
Айта кетейік, Қазақстан құрамасы бозбалалар мен юниорлар санатында да жоғары нәтиже көрсетті. Жас спортшылар қоржынына екі алтын, төрт күміс және төрт қола медаль түсті.



