Қазақстан құрамасы Моңғолиядағы Grand Slam турниріне қатысады

Халықаралық дзюдо федерациясы (IJF) Моңғолияның Ұлан-Батыр қаласында өтетін Grand Slam турниріне қатысатын спортшылардың алдын ала тізімін жариялады.
19-21 маусым аралығында өтетін халықаралық жарыста Қазақстан намысын 20 дзюдошы қорғайды.
Ерлер құрамасы:
60 келіге дейін — Аман Бақытжан, Мағжан Шамшадин
66 келіге дейін — Нұрқанат Серікбаев, Ақылжан Жұбатқанов
73 келіге дейін — Есет Қуанов, Аңсарбек Ғайнуллин
81 келіге дейін — Жалғас Қайролла, Асқар Нарқұлов
90 келіге дейін — Нұржан Бисенов, Айбол Нысанәлі
100 келіге дейін — Марат Байқамуров
Әйелдер құрамасы:
48 келіге дейін — Ғалия Тынбаева, Диана Бүркеева
52 келіге дейін — Аружан Ережепова
57 келіге дейін — Дана Әбдірова, Дина Мұханбет
63 келіге дейін — Самалай Ерғалиева, Дамеля Асылханова
78 келіден жоғары — Камила Берліқаш, Ақерке Рамазанова
Айта кетейік, турнирге қатысушылар тізіміне кейін өзгерістер енгізілуі мүмкін.



