ДЗЮДО

Қазақстан құрамасы дзюдодан Эстониядағы European Open турниріне қатысады

Қазақстан құрамасы дзюдодан Эстонияның Таллин қаласында өтетін European Open халықаралық турнирінде бақ сынайды.

Халықаралық дзюдо федерациясының (IJF) мәліметіне сәйкес, ұлттық құрама сапына сегіз спортшы енді.

Ерлер құрамасы:

  • 60 келіге дейін — Даурен Сүйкенов, Мағжан Алжанов
  • 66 келіге дейін — Табылды Бигамбаев
  • 73 келіге дейін — Ернар Кенесқан, Шахнияз Ағыбаев, Ардақ Сериалы
  • 81 келіге дейін — Оразгелді Оралов

Әйелдер құрамасы:

  • 48 келіге дейін — Сымбат Тағай

Айта кетейік, турнир 6-7 маусым күндері өтеді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button