БАСҚАЛАРЫТРЕНДТЕ

Көркем гимнастикадан Қазақстан чемпионаты аяқталды

Астанада көркем гимнастикадан Қазақстан чемпионаты мәресіне жетіп, елдің үздік спортшылары анықталды.

Жекелей көпсайыс қорытындысы бойынша Ақмарал Ерекешева алтын медаль жеңіп алды. Күміс жүлде Айбота Ертайқызына бұйырса, Айым Мейіржанова үздік үштікті түйіндеді.

Топтық жаттығуларда Астана құрамасы чемпион атанды. Шығыс Қазақстан облысының гимнастары күміс жүлдеге ие болды. Ал Алматы командасы қола медаль жеңіп алды.

Командалық көпсайыста да елордалық спортшылар топ жарды. Шымкент құрамасы екінші орын алса, Алматы гимнастары үшінші сатыға көтерілді.

Айта кетейік, биыл сәуір айында Ақмарал Ерекешева Әзербайжанның Баку қаласында өткен Әлем кубогы кезеңінде қола медаль иеленген болатын.

Басқа жаңалықтар

Back to top button