
Қазақстандық үстел теннисшісі Жәния Бекмұхамбетова Өзбекстанның Ташкент қаласында өткен WTT Youth Contender халықаралық турнирінің жеңімпазы атанды.
Отандасымыз U13 жас санатындағы жарыста барлық қарсыласынан басым түсіп, алтын медаль жеңіп алды.
Турнир барысында Жәния Бекмұхамбетова алты матч өткізіп, барлығында жеңіске жетті.
Финалда қазақстандық спортшы жергілікті теннисші Ясмина Назарованы 3:0 есебімен (11:7, 11:3, 11:7) сенімді түрде ұтты.
Айта кетейік, қазіргі уақытта Жәния Бекмұхамбетова U13 санаты бойынша әлемдік рейтингте жетінші орында тұр.



