БАСҚАЛАРЫТРЕНДТЕ

Алан Құрманғалиев пен Зәуреш Ақашева Түркиядағы турнирде қола медаль жеңіп алды

Қазақстандық үстел теннисшілері Алан Құрманғалиев пен Зәуреш Ақашева Түркияның Ыстамбұл қаласында өткен WTT Feeder Istanbul турнирінің қола жүлдегері атанды.

Отандастарымыз аралас жұптық сында үздік үштікке енді.

Турнир барысында қазақстандық жұп Түркия өкілдері Хакан Ышық пен Өзге Йылмазды 3:2 есебімен жеңді. Кейін канадалық Эдвард Ли мен Мо Чжан тандемінен 3:0 есебімен басым түсіп, грек спортшылары Анастасиос Риниотис пен Элисавет Терпуды 3:1 есебімен ұтты.

Алайда жартылай финалда Алан Құрманғалиев пен Зәуреш Ақашева Оңтүстік Кореяның Чхве Дживук пен Ким Ынсо жұбына 1:3 есебімен жол берді.

Осылайша, қазақстандық спортшылар жарысты қола медальмен аяқтады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button