ТРЕНДТЕХОККЕЙ

Қазақстан хоккей құрамасы мерзімінен бұрын элиталық дивизионға жолдама алды

Қазақстан ерлер хоккей құрамасы Польшаның Сосновец қаласында өтіп жатқан IA дивизионындағы әлем чемпионатында кезекті жеңісіне қол жеткізді.

Төртінші турда ұлттық команда Украина құрамасымен кездесіп, тартысты ойын көрсетті. Негізгі уақыт 4:4 есебімен тең аяқталды. Буллиттер сериясында қазақстандық хоккейшілер мергендік танытып, жеңіске жетті.

Осылайша, Қазақстан құрамасы турнирдегі төрт матчтың төртеуінде де жеңіске жетіп, мерзімінен бұрын элиталық дивизионға жолдама алды.

Айта кетейік, ұлттық құрама соңғы ойынын 8 мамыр күні Франция құрамасына қарсы өткізеді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button