ФУТБОЛ

Қазақстан U-19 құрамасы футзалдан Өзбекстанды жеңді

Қазақстанның 19 жасқа дейінгі футзал құрамасы Түркістанда өткен жолдастық кездесуде Өзбекстан U-19 командасын 3:1 есебімен ұтты.

Матч барысында қазақстандық ойыншылар сенімді ойын көрсетіп, үш гол соқты. Есепті Жанмұрат Амандос ашса, кейін Ильдар Байқасинов айырманы еселей түсті. Үшінші голдың авторы – Заур Гайдаржи. Қарсылас сапынан Абдулвосиев бір голмен жауап қайтарды.

Осылайша, Василий Смолин баптайтын команда оқу-жаттығу жиыны аясындағы алғашқы ойынында жеңіске жетті.

Айта кетейік, Қазақстан U-19 құрамасы Өзбекстанға қарсы екінші жолдастық матчты 5 мамыр күні сағат 14:00-де өткізеді. Кездесу KFF Jastar YouTube арнасында тікелей эфирде көрсетіледі.

Қазақстан құрамасының Түркістандағы оқу-жаттығу жиыны 11 мамырға дейін Olympic Center спорт кешенінде жалғасады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button