
Алматы қаласында стенд атудан Әлем кубогының кезеңі өз жалауын көтерді.
Халықаралық додаға 500-ден астам мерген қатысып жатыр. Спортшылар «трап» және «скит» жаттығулары бойынша, сондай-ақ аралас командалар арасындағы сайыста жүлделерді сарапқа салады.
Қазақстан құрамасы бұл турнирге 20 спортшымен қатысуда.
Айта кетейік, жарыс Александр Асанов атындағы ату клубында өтіп жатыр. Әлем кубогының кезеңі 11 мамырға дейін жалғасады.



