
1 мамыр күні Оңтүстік Кореяның Инчхон қаласында қылыштасудан Гран-при санатындағы халықаралық турнир басталады.
Беделді додада Қазақстан құрамасының тоғыз спортшысы өнер көрсетеді.
Ел намысын бұл жарыста Карина Доспай, Анастасия Гулик, Татьяна Приходько, Әйгерім Сарыбай, Назарбай Саттархан, Нұрмұхаммед Жайлыбай, Қуаныш Ерғашбай, Жанат Нәбиев және Артем Саркисян қорғайды.
Айта кетейік, Гран-при турнирі 3 мамырға дейін жалғасады.



