БАСҚАЛАРЫТРЕНДТЕ

Ришат Хайбуллин Азия жағажай ойындарында қола медаль жеңіп алды

Қытайдың Санья қаласында өтіп жатқан VI Азия жағажай ойындарында қазақстандық спортшы Ришат Хайбуллин спорттық құзға өрмелеудің жылдамдық түрінде қола жүлдегер атанды.

Отандасымыз финалда 4,81 секунд нәтижесін көрсетіп, үздік үштікті түйіндеді.

Осылайша, Қазақстан құрамасының қоржынында алты медаль жиналды. Оның ішінде бір алтын, бір күміс және төрт қола жүлде бар.

Айта кетейік, бұл кешенді жарыстар алдағы уақытта Жапонияда өтетін жазғы Азия ойындарына дайындық кезеңдерінің бірі болып саналады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button