БАСҚАЛАРЫТРЕНДТЕ

Үстел теннисінен әлем чемпионаты: Қазақстан құрамалары алғашқы матчтарын өткізеді

28 сәуір күні Ұлыбританияның Лондон қаласында үстел теннисінен командалық әлем чемпионаты басталады.

Аталған додада Қазақстанның ерлер және әйелдер құрамалары топтық кезеңдегі алғашқы кездесулерін өткізеді.

Ерлер құрамасы:
Қазақстан – Түркия
Матч Астана уақытымен 23:30-да басталады.

Әйелдер құрамасы:
Қазақстан – Бразилия
Кездесу де 23:30-ға жоспарланған.

Айта кетейік, ұлттық құрама сапында Кирилл Герасименко, Алан Құрманғалиев, Айдос Кенжіғұлов, Санжар Жұбанов, Ескендір Харки, Зәуреш Ақашева, Сарвиноз Миркадирова, Әнел Бақыт, Жанерке Көшкімбаева және Мария Лукьянова бар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button