БАСҚАЛАРЫТРЕНДТЕ

Қазақстан Ташкенттегі турнирде үшінші алтын медальді жеңіп алды

Өзбекстан астанасы Ташкентте ат спортынан өтіп жатқан халықаралық турнирде Қазақстан құрамасы кезекті алтын жүлдеге қол жеткізді.

Бүгін конкур сайысында Олег Соколенко SHENANIGAN тұлпарымен 125 см биіктіктегі маршрутта үздік нәтиже көрсетіп, жеңімпаз атанды. Бұл — ұлттық құраманың қоржынындағы үшінші алтын медаль.

Бұған дейін жарыстың алғашқы күнінде 120 см маршрутта Бекжан Байжанұлы (KING DIAMOND), ал 140 см биіктікте Ксения Баталова (LADY DI) топ жарған болатын.

Сонымен қатар Олег Соколенко турнир барысында күміс және қола жүлделерді де иеленді. Ол 140 см маршрутта (CINDERELLA) екінші орын алса, 120 см кедергілер жолында (SHENANIGAN) үшінші нәтиже көрсетті.

Тағы бір қазақстандық спортшы Нурила Тұрысбекова (QUIBELLE VAN D’ABELENDREEF) да қола медаль еншіледі.

Осылайша, қазіргі таңда Қазақстан құрамасының еншісінде 3 алтын, 1 күміс және 2 қола жүлде бар. Турнир 26 сәуірде аяқталады.

Ал алдағы негізгі сын — 26 сәуірде өтетін FEI Jumping World Cup Grand Prix «Eurasian League» кезеңі. Бұл жарыста спортшылар 155 см-ге дейінгі кедергілерден өтетін күрделі маршрутта бақ сынайды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button