
Қазақстандық джиу-джитсу шебері Болатбек Сейілхан Қытайдың Санья қаласында өтіп жатқан 2026 жылғы жағажайдағы Азия ойындарында жүлдегер атанды.
77 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түскен отандасымыз қола медаль үшін өткен белдесуде сингапурлық Пол Тянь Чжи Лиммен кездесіп, 2:0 есебімен жеңіске жетті.
Осылайша, Болатбек Сейілхан турнирдің қола жүлдесін иеленді.
Айта кетейік, қазіргі таңда Қазақстан құрамасының қоржынында төрт медаль бар. Бұған дейін Нұржан Батырбеков (69 келіге дейін) алтын жүлде жеңіп алса, Батыр Теңізбай (62 келіге дейін) мен Әлинұр Қуатұлы (69 келіге дейін) қола медальға қол жеткізген болатын.



