БАСҚАЛАРЫТРЕНДТЕ

«Жетісу» ерлер волейбол клубы тарихында алғаш рет Қазақстан чемпионы атанды

Ақтөбе қаласында волейболдан ерлердің ұлттық лига командалары арасындағы Қазақстан чемпионаты аяқталып, биылғы жеңімпаз анықталды.

Алтын жүлде үшін өткен финалда былтырғы күміс жүлдегер «Ақтөбе» мен талдықорғандық «Жетісу» клубы кездесіп, чемпиондық тағдыр үшінші, шешуші матчта шешілді.

Алғашқы ойында Сергей Трикоз баптайтын «Ақтөбе» 3:1 есебімен басым түскен еді. Алайда келесі кездесуде Марат Адрышев жаттықтыратын «Жетісу» дәл сондай есеппен қарымта қайтарды.

Шешуші матчта талдықорғандық команда толық басымдық танытып, қарсыласын үш сетте жеңді — 3:0 (26:24, 25:23, 25:22).

Осылайша, «Жетісу» ерлер клубы өз тарихында алғаш рет Қазақстан чемпионы атанды. Ал «Ақтөбе» командасы екінші жыл қатарынан күміс жүлдегер атанды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button